Тони Кроос «Баварияны» сынады: 2:0-ден кейін не болды?

Тони Кроос «Баварияны» сынады: 2:0-ден кейін не болды?
Getty Images

Мюнхендік «Бавария» мен мадридтік «Реалдың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Тони Кроос Чемпиондар лигасының ширек финалындағы екі команданың матчында (1:2) өзін таңғалдырған сәт туралы айтты.

«Бавария» өте жақсы ойын көрсетті, бірақ олар 2:0 есебімен алға шыққаннан кейін болған жағдай — ең таңғаларлық психологиялық сәт болды. Соңғы жылдары «Бавария» «Реалға» қарсы жақсы нәтижелер көрсетіп жүр, бірақ жауапты матчтарда олар жиі өз деңгейін ұстап тұра алмайды немесе ұсақ-түйек факторлардың әсерінен келесі кезеңге өте алмай қалады".

Кроостың айтуынша, "Бавария" екінші таймда артқа шегіне бастағаны түсініксіз болды:

"Түсіндіріп өтейін. 2:0 есебі ойын тағдырын психологиялық тұрғыдан шешуге жеткілікті болуы керек еді және нәтижеге қатысты барлық күмәнді жоюы тиіс болатын. Бірақ мені таңғалдырғаны — «Баварияның» шегіне бастауы. Сол сәтте «Бавария» ойынды толық бақылауда ұстады, мен олардың әрі қарай да үстемдік етіп, тіпті есепті ұлғайтады деп күттім. Олар допқа иелік ету арқылы бақылауды сақтайды немесе үшінші, төртінші, бәлкім бесінші голды да соғады деп ойладым, бірақ бәрі керісінше болды", — деді Кроос Einfach mal luppen подкастында.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
10
2
Ордабасы
8
3
Елімай
8
4
Оқжетпес
8
5
Астана
7
6
Ертіс
6
7
Қызылжар
5
8
Ұлытау
5
9
Жетісу
5
10
Атырау
4
11
Ақтөбе
4
12
Жеңіс
3
13
Қайсар
3
14
Алтай
2
15
Каспий Ақтау
1
16
Тобыл
1