Осы сценарийге әлеуметтік желі X-тегі Scout in Eurasia аккаунтының авторы назар аударды.
Бұл тақырыпқа себеп болғаны – лондондық клубтың соңғы жолдастық матчтарында 17 жастағы форвардтың ойын уақыты тым аз болғаны. Италиялық «Миланға» қарсы кездесуде (3:0) Сатпаев қосалқы құрамда қалды. Ал келесі матчта, малайзиялық «Джохор Дарул Тазимге» қарсы, қазақстандық тек ойын соңына қарай алаңға шығып, қосымша уақытпен қоса бар болғаны жеті минут өткізді.
Scout in Eurasia пікірінше, бұл жаттықтырушылар штабының шешімі Сатпаевтың мүмкін жалға берілуімен байланысты болуы ықтимал.
«Дастан Сатпаев «Миланға» қарсы ойнамаған соң, барлығы оны «Джохорға» қарсы бастапқы құрамнан көреді деп ойлады. Алайда, ол тек 3 минутқа, оған қосымша 4 минут қосымша уақытқа шықты. Ол шартты түрде предголевой пас берді деп айтуға болады. Бұл видео толыққанды хайлайт емес. Бұл – оның ойын оқуы, қақпаға қалай ұмтылатыны мен ойынға деген ниеті қандай екенінің жалпы көрінісі. Бұл оны жалға жібереді деген сөз бе? Әбден мүмкін. Әсіресе, «Халл Сити» немесе «Страсбургке» ауысуы туралы қауесеттерді ескерсек. Алда тек «Реал Сосьедадқа» қарсы финалдық матч қалды, содан кейін оның командада қала ма, жоқ па – шешім қабылданады», – деп жазады дереккөз.
Биылғы маусым алдындағы турнирде Сатпаев «Челсидің» төрт ойынында алаңға шықты. Қазақстандық футболшы «Тоттенхэм», «Ювентус», «Вестерн Сидней Уондерерс» және «Джохор Дарул Тазимге» қарсы кездесулерде ойнады. Оның еншісінде бір гол бар.
Дәл осы Сатпаев «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы матчта көзге түсті – бұл оның ағылшын клубы сапындағы алғашқы голы болды.
Келесі жолдастық кездесуін «Челси» 15 тамыз күні «Стэмфорд Бриджде» испандық «Реал Сосьедадқа» қарсы өткізеді. Осы матчтан кейін клуб қазақстандық шабуылшыға қатысты келесі қадамдарын анықтауы мүмкін.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.