Бізге шегінерге жол жоқ, жағдайдың өзі бізді белсендірек ойнауға мәжбүрлейді. Әсіресе шабуылда агрессивтірек әрекет етуге тырысамыз. Әрине, басымызды тасқа ұрып алға ұмтылмаймыз, өйткені қарсыластың сапында жазалай алатын өте шебер әрі жылдам ойыншылар бар. Шабуыл мен қорғаныс әрекеттерінің арасындағы тепе-теңдікті сауатты бөлу керек.
Ал көгалдың жағдайына келсек, мен әлі алаңға шығып көрген жоқпын. Бірақ біздің агроном осында келіп, алаңның жақсы жағдайда болатынына сендірді», – деді маман.
Іріктеудің алғашқы ойынында «Қайрат» Софияда «Левскиге» 0:1 есебімен жол беріп, кездесудің соңында португалиялық Сержиньюден жалғыз голды жіберіп алған болатын.
Жауапты кездесу 11 тамыз күні «Түркістан Аренада» өтеді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.