Жарыс кестесіндегі көршілер («Астана» үшінші орында келе жатса, «Оқжетпес» төртінші сатыға жайғасқан) арасындағы бұл ойынды нидерландылық маман ұлттық құрамаға кандидаттарды қарау аясында тамашаламақ.
Елордада өтетін кездесу бапкердің жеке өзі трибунадан тамашалайтын екінші матч болмақ. Ван ’т Схип Қазақстанға келген соң алғаш рет Талдықорғанда өткен 21-турдың «Жетісу»—«Ордабасы» (0:4) кездесуіне барған болатын.
ҚФФ нидерландылық бапкерді ресми түрде 7 тамызда таныстырды. Келісімшартқа ресми түрде қол қою жақын күндері өтетін федерацияның Атқарушы комитетінің отырысынан кейін жүзеге асады.
Ван ’т Схиппен бірге ұлттық құрамада ассистенттер Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов, қақпашылар бапкері Юрий Новиков, дене дайындығы жөніндегі бапкер Вадим Боровский және аналитик Тимур Құсайынов жұмыс істейді.
Қазақстан құрамасы қыркүйек айында-ақ Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі жорығын бастап, Словакия, Фарер аралдары және Молдоваға қарсы ойнайды.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.