«Челси» Сәтпаевтің қарсыласын жалға беруі мүмкін

Автор
Fonteam редактор
Автор
08.08.26, 11:01
«Челси» командасының вингері Михаил Мудрик жақын арада ағылшын Премьер-лигасында мансабын қайта жандандыруға мүмкіндік алуы мүмкін.
«Челси» Сәтпаевтің қарсыласын жалға беруі мүмкін
Сурет: ашық дереккөздерден

Football Insider дерегіне сүйенсек, жуырда АПЛ-ға шыққан «Ковентри Сити» клубы алдағы маусымда «Челсидің» украиналық вингерін жалға алу мүмкіндігін қарастыруда.

«Скай Блюз» бас бапкері Фрэнк Лэмпард «Стэмфорд Бридждегі» байланыстарын пайдалануға дайын, себебі «көктер» украиналық футболшының Премьер-лигада тұрақты ойын тәжірибесіне ие болуын қалайды. «Челси» 25 жастағы ойыншының жағдайын бір жылдық жалға беруден кейін қайта қарамақ.

Айта кетейік, Мудрик алаңға өткен аптада ғана, екі жылға жуық үзілістен кейін қайта оралды: оның мельдонийге қатысты допинг ісі Футбол қауымдастығымен реттеліп, дисквалификация мерзімі аяқталды деп саналады.

«Челсидің» Азиядағы маусым алдындағы турнесі барысында украиналық футболшы «Ювентусқа» қарсы жолдастық матчқа қатысты, алайда әзірге ол Хаби Алонсоның жоспарларына кірмей отыр.

«Ковентриден» бөлек, оған «Страсбург» пен тағы екі Премьер-лига клубы қызығушылық танытты. Бірақ бұған дейін Лэмпардпен жұмыс істеген Мудрик Англияда қалуды жөн көреді және ауысуға ашық екенін білдірді.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

08.08.26, 11:01

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
46
2
Қайрат
45
3
Астана
35
4
Оқжетпес
33
5
Ақтөбе
31
6
Елімай
28
7
Ұлытау
27
8
Жеңіс
23
9
Қызылжар
22
10
Тобыл
22
11
Каспий Ақтау
21
12
Қайсар
20
13
Атырау
19
14
Жетісу
19
15
Ертіс
17
16
Алтай
16