Моуринью «Реалда» бірнеше қатаң ережелер орнатты

Автор
Fonteam редактор
Автор
08.08.26, 10:00
Мадридтік «Реалға» қайта оралған Жозе Моуринью бірқатар салада футболшылардың еркіндігіне нүкте қойып, өз қатаң тәртібін енгізді.
Моуринью «Реалда» бірнеше қатаң ережелер орнатты
Жозе Моуринью

As басылымының мәліметінше, жаңа ережелердің бір бөлігі командалық рухты нығайту мақсатында жасалған. Бұған клуб жариялаған сурет дәлел — барлық ойыншылар мен бапкерлер штабы Валдебебас базасында бірге түскі ас ішіп отыр. Бұған дейін «Реалда» мұндай дәстүр болмаған, ал Моуринью ұжымды біріктірудің тиімді жолы деп санайды.

Португалиялық маман тамақтану мәселесіне де ерекше көңіл бөлді. Бұрын диетолог ұсынған мәзір тек ұсыныс ретінде қабылданса, енді бұл — қатаң талап. Барлығы спорттық нәтижені арттыруға бағытталған, ойыншылардың жеке қалауына мән берілмейді, бірақ әзірге ешкім наразы емес.

Моуринью тәртіп жүйесіне де өзгеріс енгізді. Енді футболшылар жаттығу басталардан бір сағат бұрын базаға келуі тиіс — бұл талаптан португалиялық бапкер мүлде таймайды. Кешіккендерді ақшалай жазаламайды, оның орнына кінәлі ойыншы негізгі топтан бөлек, тренажер залында жеке жаттығады.

Футболшылар клуб базасында да қалпына келуі керек. Бұрын бұл процесте дербестікке жол берілсе, енді жарақаттанған ойыншы жеке жаттықтырушымен жұмыс істесе де, барлығын клуб бақылайды.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

08.08.26, 10:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
46
2
Қайрат
45
3
Астана
35
4
Оқжетпес
33
5
Ақтөбе
31
6
Елімай
28
7
Ұлытау
27
8
Жеңіс
23
9
Қызылжар
22
10
Тобыл
22
11
Каспий Ақтау
21
12
Қайсар
20
13
Атырау
19
14
Жетісу
19
15
Ертіс
17
16
Алтай
16