Бавария клубы Энтони Гордонге қызығушылық танытуда. Неміс командасы 25 жастағы вингердің өкілдерімен байланысқа шыққан. Бұл туралы Caught Offside хабарлайды.
Дереккөз мәліметінше, Гордонды сондай-ақ Ливерпуль мен Арсенал да бақылап отыр. Сонымен қатар, «Ньюкасл» клубы ықтимал трансферден шамамен 90–100 млн еуро табыс тапқысы келетіні айтылған.
Қазіргі маусымда Гордон барлық турнирлерде 45 матчқа қатысып, 17 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген. Ойыншының клубпен қолданыстағы келісімшарты 2030 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, футболшының нарықтық құны 60 млн еуроға бағаланған.