«Әрине, мен ол туралы естідім. Бұл – «Челсиге» ауысқан өте жас әрі талантты ойыншы. Қазір нақты есімдерге тоқталғым келмейді – бұған дейін айтқанымдай, барлық үміткерлерді егжей-тегжейлі зерттеу барысында мұны жақын күндері мен апталарда бапкерлер штабымен талқылаймыз. Мүмкіндік болса, футболшылармен жеке тілдесуге тырысамын.
Бірақ, әрине, Сәтпаевтың жас әрі талантты ойыншы екенін білемін. Ол «Челсиде» көп ойын практикасын алып, ұлттық құрамаға да пайдасын тигізеді деп үміттенемін», – деді Ван ’т Схип.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев лондондық «Челси» сапында өнер көрсетеді, ол қазіргі уақытта Азияда негізгі құраммен маусымалды оқу-жаттығу жиындарынан өтуде.
Ертең, 8 тамызда Хаби Алонсоның шәкірттері италиялық «Миланға» қарсы жолдастық кездесу өткізеді.
Айта кетейік, нидерландық маман Джон ван ’т Схип Қазақстан ұлттық құрамасын Ұлттар лигасының кезекті циклі басталар алдында басқарды.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.