«Мақтана алатындай команда құрғымыз келеді»
«Сәлем, Қазақстан!
Ең алдымен, ҚФФ-ға осы жерге келіп, бапкерлер штабымен бірге команданың дамуына көмектесуге мүмкіндік бергені үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Мен бұл сынақты үлкен мәртебемен қабылдаймын және алдағы апталар мен айлардағы жұмысқа зор ынтамен қараймын.
Алда көп еңбектену керек, бірақ мен қазақстандықтардың ерінбей еңбек етуді сүйетін әрі оны білетін нағыз жауынгерлер екенін білемін. Біздің міндетіміз – осы еңбекқорлықты дұрыс арнаға бағыттау, бірлігі жарасқан ұжым қалыптастыру және қалаған нәтижелерге қол жеткізу. Ең бастысы – бәріміз мақтана алатындай ұлттық құрама құрғымыз келеді.
Бапкерлер штабымен және басшылықпен бірлескен жұмысымызға сенімдімін, біз команданы және ішкі чемпионатты мүмкіндігінше тезірек егжей-тегжейлі зерттеуге тырысамыз, өйткені ресми матчтар өте жақын қалды. Қазақстан футболы соңғы жылдары айтарлықтай өрлеу жасады және біз бұл жолды әрі қарай жалғастыруға тиіспіз.
Барлық үміткерлерді назарда ұстаймын: жас ойыншыларды да, дәл қазір шақыртуға лайықтыларды да. Алдағы Ұлттар лигасының матчтарына дайын және оңтайлы бабында тұрған футболшылар алаңға шығады.
Іске кірісуге асығып отырмын: алда көптеген сапарлар, ойындарды қарау, жаттығу жиындарын жоспарлау және футболшылармен тілдесу күтіп тұр. Рақмет!», – деді маман.
Нидерландық маман Қазақстан құрамасын Ұлттар лигасының кезекті циклі басталар алдында басқарды.
Ван ’т Шкиптің бапкерлер штабына отандық мамандар кірді: Нұрбол Жұмасқалиев, Елдос Ахметов, Юрий Новиков, Вадим Боровский және Тимур Құсаинов.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.