62 жастағы бапкерді ресми тағайындау жақын күндері – ҚФФ Атқарушы комитетінің отырысынан кейін және ұйым жарғысына сәйкес барлық процедуралар сақталған соң жүзеге асырылады. Атқарушы комитет бекіткеннен кейін тараптар келісімшартқа қол қояды.
Қазақстан құрамасында нидерландық бапкерге отандық бапкерлер штабы көмектеседі:
Футболшы ретінде ван ’т Шкип амстердамдық «Аякс» пен италиялық «Дженоа» сапында өнер көрсетті, ал Нидерланды құрамасымен бірге 1988 жылғы Еуропа чемпионатын жеңіп алды.
Жолын «Аякс» академиясында бастап, кейіннен амстердамдықтардың негізгі командасын бірнеше рет басқарды, сондай-ақ «Твенте», «Зволле», мексикалық «Гвадалахара» және австралиялық «Мельбурн Сити» (осы ұжыммен 2016 жылы Австралия кубогын жеңіп алды) клубтарын жаттықтырды.
Халықаралық деңгейде нидерландық маман бұған дейін Грекия мен Армения ұлттық құрамаларына жетекшілік еткен.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.