Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

«Семей» Чемпиондар лигасы қарсаңында Қазақстан құрамасының екі көшбасшысын қатарға қосты

«Семей» маусымаралық кезеңдегі ең ірі трансферлерінің бірін жүзеге асырды. Клуб сапына ұлттық құраманың көшбасшылары Біржан Оразов пен Даурен Тұрсағұлов қосылды

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
«Семей» Чемпиондар лигасы қарсаңында Қазақстан құрамасының екі көшбасшысын қатарға қосты
Сурет: ашық дереккөздерден

Клуб қос футзалшының ауысқанын әлеуметтік желідегі ресми парақшасы арқылы жариялады. Бұған дейін Оразов пен Тұрсағұлов ұзақ жылдар бойы алматылық «Қайраттың» намысын қорғап, ел ішінде де, халықаралық аренада да көптеген жүлдені жеңіп алған.

«Семей» жаңа ойыншыларын жылы қарсы алып, олардың тәжірибесі мен шеберлігі команданың алдағы жетістіктеріне үлкен үлес қосатынына сенім білдірді.

Біржан Оразов Қазақстан футзалының ең үздік әмбебап ойыншыларының бірі саналады. Ол 2022 жылғы Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені атанып, бірнеше маусым бойы ұлттық құраманың негізгі көшбасшыларының қатарында келеді.

Даурен Тұрсағұлов та ел футзалының ең танымал шабуылшыларының бірі. Ол жоғары нәтижелілігімен ерекшеленіп, Қазақстан құрамасының маңызды ойындарында тұрақты түрде шешуші рөл атқарып келеді.

Еске салсақ, 2025/26 жылғы Қазақстан чемпионатының финалында «Қайрат» дәл осы «Семейден» басым түсті. Алматылық клуб шешуші бесінші кездесуде жеңіске жетіп, финалдық серияны 3:2 есебімен өз пайдасына аяқтады. Осылайша «Қайрат» қатарынан екінші рет ел чемпионы атанып, клуб тарихындағы 22-чемпиондық атағын жеңіп алды.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz