Amanvibez.kz басылымының мәліметінше, кеше клуб басшылығы қазақстандық маманмен кездесу өткізіп, команда соңғы нәтижеcі бойынша пікір алмасты. Келіссөз қорытындысында тараптар әріптестікті тоқтату туралы шешімге келген.
Маман басылымға бұл қоштасу фактісін растап, жағдайға қатысты пікір білдірді.
«Женис» – өте амбициялы клуб. Соңғы уақытта сәтсіздік қатарынан өтті. Мұнда бәрін түсінемін: әркім нәтиже күтеді, әркім тыныштық пен тепе-теңдік іздейді. Бар жауапкершілік менің мойнымда екенін білемін: іріктеу жұмысы, команданы құру, клубтың бүкіл құрылымы, ең бастысы – нәтиже», – деді Әлиев.
Әли Әлиев осы маусымда елордалық клубтың тізгінін ұстады. Оның басшылығымен команда ҚПЛ-дың жоғарғы бөлігінен орын алу үшін таласып, Қазақстан Кубогында да өнер көрсетті.
Жақын арада «Женис» жаңа бас бапкердің есімін ресми түрде жариялайды деп күтілуде. Бұл қызметке босниялық Владимир Слишкович келуі мүмкін.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.