Матчты қонақтар сәтті бастап, 12-минутта Ноа Ндомбази есеп ашты. Үзілістен кейін алаң иелері ойын тізгінін өз қолына алды. Алдымен Жан Морель По таразы басын теңестірсе, араға алты минут салып Юши Шимамура «Ертісті» алға шығарды. Алайда Павел Седько пенальтиден мүлт кетпей, «Каспийге» қайта үміт сыйлады. Дегенмен қосымша уақыттың соңғы секундтарында По тағы да пенальтиді дәл орындап, павлодарлықтарға жеңіс сыйлады.
Кездесудің шешуші сәттерінің бірі 90+11-минутта «Каспий» қорғаушысы Амаралдың алаңнан қуылуы болды. Сан басымдығын тиімді пайдаланған «Ертіс» соңғы шабуылда пенальтиге ие болып, үш ұпайды өз еншісіне жазды.
ҚПЛ. 20-тур
«Ертіс» – «Каспий» – 3:2 (0:1)
Голдар: Ндомбази, 12 (0:1), По, 53 (1:1), Шимамура, 59 (2:1), Седько, 65 - пенальтиден (2:2), По, 90+14 – пенальтиден (3:2).
Алаңнан қуылды: Амарал («Каспий»), 90+11.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.