Команда елдің кәсіпқой футбол лигасына 2 тамызға жоспарланған Суперлиганың 15-турындағы «Қызылқұмға» қарсы матчқа Навои облысына бара алмайтынын ресми түрде хабарлады.
Клубта делегацияның жолақысын, қонақүйде тұруын және тамақтануын төлеуге қарапайым қаражат жоқ.
Өзбекстан КФЛ баспасөз қызметі турнир регламентіне сәйкес «Бунёдкорға» техникалық жеңіліс жазылатынын хабарлады.
Бұдан бөлек, егер маусым барысында мұндай жағдай қайталанса, лиганың Атқарушы комитеті ташкенттік клубты Суперлигадан толықтай шеттету мәселесін қарастырмақ.
Клубтың бас директоры Мурод Алиев дағдарысты жағдайды растап, ел басшысына жүгіну ниетин білдірді:
«Ойыншылар мен қызметкерлер 6–7 айдан бері жалақы алмай келеді. Бұдан бөлек, Ривалдоның алдындағы қарыз да біздің мойнымызда қалды. Оған үш жыл бойы жалақы төленбеген, бұл клубқа жылына 26 миллиард сумға түседі.
Бірінші тоқсанда бізге 10 млрд сум бөлінді, тағы 11 млрд-қа жуық ақшаны жалға беру мен коммерциялық шарттардан өзіміз таптық, бірақ бұл жеткіліксіз. Біз мәселені шешудің жолын іздеп жатырмыз және президентімізден көмек сұрағымыз келеді», – деді Алиев Kun.uz басылымына берген сұхбатында.
Бұған дейін ФИФА аңызға айналған бразилиялық шабуылшының алдындағы берешегі үшін «Бунёдкорға» трансферлік бан салған болатын.
Ташкенттік «Бунёдкор» – ХХІ ғасырдағы Өзбекстанның ең табысты клубтарының бірі. Ол әлемдік деңгейдегі жұлдыздарды шақыруының арқасында жаһанға танылды (клубта «Алтын доп» иегері Ривалдо өнер көрсетсе, команданы әлем чемпионы Луис Фелипе Сколари баптаған).
Суперлиганың ағымдағы маусымында «Бунёдкор» 14 турдан кейін 19 ұпаймен турнирлік кестеде 10-шы орында келеді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.