Куртуасыз: "Реал" "Баварияға" қарсы жауапты ойынды негізгі қақпашысыз ойнамақ

Куртуасыз: "Реал" "Баварияға" қарсы жауапты ойынды негізгі қақпашысыз ойнамақ
Сурет: ашық дереккөздерден

Реал Мадрид клубының жарақат алған қақпашысы Тибо Куртуаның қалпына келу процесі жоспардан жылдам жүріп жатыр, деп хабарлайды The Athletic.

Бельгиялық қақпашы 17 наурыз күні оң жамбас бұлшықетін жарақаттап алған. Алғашында ойыншы шамамен бір жарым айға қатардан шығады деп күтілген еді. Алайда дереккөз мәліметінше, ол сәуір айының соңына дейін толық қалпына келіп, егер «Реал» онсыз жартылай финалға өте алса, Чемпиондар лигасының сол кезеңінде ойнауға ниетті.

«Реал» 15 сәуір күні Чемпиондар лигасы 1/4 финалының қарымта матчында сырт алаңда Бавария клубымен кездеседі. Алғашқы ойында мадридтіктер 1:2 есебімен жеңіліс тапқан болатын.

Куртуа биылғы Испания чемпионатында 28 матч өткізіп, 24 гол жіберіп алды.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
10
2
Ордабасы
8
3
Елімай
8
4
Оқжетпес
8
5
Астана
7
6
Ертіс
6
7
Қызылжар
5
8
Ұлытау
5
9
Жетісу
5
10
Атырау
4
11
Ақтөбе
4
12
Жеңіс
3
13
Қайсар
3
14
Алтай
2
15
Каспий Ақтау
1
16
Тобыл
1