Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Жоау Пауло: «Анарбектің қақпасына пенальти тебуге батпас едім»

«Қайраттың» бұрынғы шабуылшысы Жоау Пауло Sports24.kz-ке берген пікірінде алматылық клубты Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алуымен құттықтап, қақпашы Анарбектің ойынына жоғары баға берді.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
Жоау Пауло: «Анарбектің қақпасына пенальти тебуге батпас едім»
Темірлан Анарбеков. Фото: "Қайрат" ФК

Екінші іріктеу кезеңінде «Қайрат» Кипрдің «Омониясымен» кездесті. Қос матчтың шешуші ойынында негізгі уақыт Эдмилсонның голының арқасында 1:0 есебімен аяқталды. Жеңімпаз пенальти сериясында анықталып, Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері 6:5 есебімен басым түсіп, турнирдегі жорығын жалғастырды.

Бразилиялық шабуылшы әсіресе қақпашы Анарбектің пенальти сериясындағы сенімді ойынын ерекше атап өтті.

«Барлық жанкүйерді осы тамаша жеңіспен құттықтаймын. Пенальти сериясында тағы да өзін керемет қырынан көрсеткен Анарбекті ерекше айтқым келеді. Шынымды айтсам, мен оның қақпасына пенальти тебуге бармас едім. "Қайратқа" алдағы кездесулерде сәттілік тілеймін», – деді Жоау Пауло.

38 жастағы шабуылшы Қазақстанда алты жыл өнер көрсетіп, «Ордабасы» мен «Қайраттың» намысын қорғады. Ол ҚПЛ-да 2020 және 2023 жылғы маусымдардың үздік сұрмергені атанып, ел чемпионатының ең нәтижелі ойыншыларының бірі болды.

Жоау Пауло соңғы ресми матчын 2025 жылдың мамыр айында өткізіп, кейін ауыр жарақат салдарынан ұзақ уақыт алаңға шыға алмады. Ал 2026 жылдың басында «Қайратпен» қош айтысты.

Енді алматылық ұжым Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Болгарияның «Левски» клубымен кездеседі. Болгариялық команда алдыңғы кезеңде Румынияның «Университатя Крайова» клубын екі матч қорытындысында 3:2 есебімен жеңіп шыққан.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz