"Реал Мадрид" пен "Ливерпуль" арасында футболшылармен ықтимал ірі алмасу жөнінде алдын ала келіссөздер жүріп жатыр.
Fichajes.net дерегіне сәйкес, клубтар негізгі жартылай қорғаушыларды айырбастау мүмкіндігін қарастыруда.
Мадридтік клуб тарапынан Алексис Макаллистер трансфері талқылануда. «Реалда» аргентиналық ойыншы жартылай қорғаныстағы креативтілікті арттырып, болашақта команда ардагерлерінің орнын баса алады деп есептейді.
Ал кері бағытта Эдуардо Камавинга ауысуы мүмкін. «Ливерпуль» оны бұрыннан тірек аймағын күшейтетін және негізгі құрамға лайық ойыншы ретінде қарастырып келеді.
Бұл идеяның бастамашысы — мадридтік клуб. Олар жартылай қорғаныс желісін жаңартып, орталықта вариативтілікті арттыруды көздейді. Дегенмен келіссөздер әлі бастапқы кезеңде, әрі делдалдар арқылы жүргізілуде. Себебі мұндай тікелей алмасулар қаржылық шектеулер мен фэйр-плей талаптарына байланысты сирек жүзеге асады.
Айта кетейік, Камавинга Мадридтен кетуге ниет білдірмеген және негізгі құрамдағы орны үшін күресуді жоспарлап отыр. Соған қарамастан, тараптар жазғы трансферлік кезеңдегі ең көп талқыланатын мәмілелердің біріне айналуы мүмкін бұл нұсқаны қарастыруды жалғастыруда.
Макаллистер осы маусымда АПЛ-де 30 матч өткізіп, 2 гол және 2 нәтижелі паспен көзге түсті. «Ливерпуль» турнир кестесінде 49 ұпаймен 5-орында тұр.
Камавинга Ла Лигада 22 ойында 1 гол соқты. «Реал» Испания чемпионатында екінші орында келеді, көшбасшыдан Барселона қалып отыр.