«Мен ешқашан: «Жоқ, бұл позицияда ойнамаймын» деп айтпаймын. Қай жерде ұжымға көбірек пайда тигізе алсам, сонда шығамын. Белгілі бір рөлге байланып қалмаймын. Қорғаныста керек десе – артта, шабуылда десе – алда ойнай беремін. Дегенмен «Атырауда» жүргенде, әрине, вингер болдым», – деді 28 жастағы футболшы.
Еске сала кетейік, «Атырау» футбол мектебінің түлегі Наурызбек Жағоров «Тобыл» сапына 2025 жылы ауысқан болатын. Ағымдағы маусымда бұл универсал ойыншы бес түрлі позицияда 22 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.
Атап өтейік, 30 шілдеде қостанайлық ұжым Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында литвалық «Паневежисті» қабылдайды. Литвада өткен алғашқы кездесу 1:1 есебімен тең аяқталған еді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.