Қонақтардың жеңіске жететіні туралы ақпарат ойын басталмас бұрын әлеуметтік желілерде тарап, федерацияға да келіп түскен, ал букмекерлер матч алдында павлодарлық команданың жеңіске жету мүмкіндігін күрт арттырды.
Бұл жағдайға павлодарлық клубтың директоры Мұрат Тілешевтің жақында жасаған мәлімдемесі қосымша резонанс тудырып отыр. Функционер «Ұлытау» ФК-ның қазіргі қызметкері Талғат Байсуфиновтің «Ертіс» бапкерлер штабының кеңесшісі болатынын ресми түрде мәлімдеген еді. Өз кезегінде Байсуфинов Тілешевтің клубта жұмыс істеуге қатысты сөздерін жоққа шығарды.
Жезқазғандағы матч 2:1 есебімен «Ертістің» жеңісімен аяқталды. Қонақтар 17-минутта Марко Евтичтің күшімен (қақпашы Дмитрий Непогодов голға әкелген қателік жіберді) есеп ашты, алайда 38-минутта Давид Мартен таразы басын теңестірді. Павлодарлықтар жеңіс добын бірінші таймға қосылған уақытта (45+1') соқты – Жан Морель По мергендік танытты. Ойынның екінші жартысында алаң иелері есепті теңестіре алмады.
«Ұлытау» 27 ұпаймен ҚПЛ турнирлік кестесінде жетінші орынға жайғасты. Қазақстанның бес дүркін чемпионы «Ертіс» 14 ұпай жинағанымен, 16-орында қалып, кестені түйіндеп тұр.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.