Евгений Савин – «Қайраттың» ЧЛ-дағы ойыны жайлы: «Омония» мықты, бірақ бабында емес

Автор
Fonteam редактор
Автор
22.07.26, 09:11
Кипрлік «Красава» клубының президенті Евгений Савин ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Қайрат» пен «Омония» арасындағы текетіреске қатысты пікірін білдірді.
Евгений Савин – «Қайраттың» ЧЛ-дағы ойыны жайлы: «Омония» мықты, бірақ бабында емес
Фото: ашық дереккөзден

Боранбаевтың ең үлкен жетістігі

«Қайратқа» сәттілік тілеймін. Қайрат Боранбаевтың ең үлкен жетістігі – тек академия салып қана қоймай, сол академияның түлектерін негізгі құрамда Чемпиондар лигасында ойната алғаны деп есептеймін.
Алматылық клубтың жастарды тәрбиелеп, Чемпиондар лигасында өнер көрсетіп қана қоймай, оларды «Челси» секілді алпауыт клубтарға жіберіп жатқанына шын қуаныштымын. Дастан Сәтпаевтың трансфері – соның айқын дәлелі. Бұл шынымен де жоғары бағаға лайық», – деді Ресей жастар құрамасының бұрынғы футболшысы.

«Омонияның» күші және «Қайраттың» мүмкіндігі

«Бүгінгі матчқа келсек, өткен маусымда біздің «Красава» «Омониямен» екі рет кездесті. Екі ойында да қарсылас жеңіске жетті, бірақ екі матчта да жеңіс голын соңғы минуттарда соқты. Демек, бұл командамен ойнауға болады.
Біз чемпионаттың басында-ақ мықты клубтарға қарсы ойнадық. Жаңа қосылған команда болғандықтан, бірден көшбасшылармен кездесуге тура келді. Соның ішінде өткен маусымда екінші орын алған «Аполлонды» сырт алаңда 3:0 есебімен жеңдік. Маусым енді басталған кезде ірі клубтарға қарсы батыл әрі агрессивті футбол ойнау керек. Сонда сырт алаңнан да ұпай алып кетуге мүмкіндік бар.
Сондықтан қазір ойын ырғағында жүрген «Қайрат» бүгінгі ыстық ауа-райында батыл ойын көрсетсе, жақсы нәтижеге қол жеткізе алады. Ал «Омония» әлі бабына енген жоқ, олар үшін бұл маусымдағы алғашқы ресми кездесулер.
Бергтің жетекшілігіндегі «Омония» ұйымдасқан футбол ойнайды. Әсіресе олардың қарымта шабуылдарынан сақ болған жөн. Құрамында тәжірибелі және дарынды жас футболшылар да жеткілікті.
«Қайратқа» сәттілік тілеймін. Өзім Кипрде тұрсам да, жергілікті чемпионатта өнер көрсететін клубтың президенті болсам да, бұл кездесуде алматылық командаға жанкүйер боламын», – деді Савин.

Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойыны 22 шілде күні Кипрдің Никосия қаласында, ал жауапты кездесу 29 шілдеде Алматыда өтеді.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

22.07.26, 09:11

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
43
2
Қайрат
42
3
Оқжетпес
30
4
Астана
29
5
Ақтөбе
28
6
Ұлытау
27
7
Елімай
26
8
Жеңіс
22
9
Тобыл
19
10
Қайсар
19
11
Атырау
18
12
Жетісу
18
13
Каспий Ақтау
18
14
Алтай
16
15
Қызылжар
16
16
Ертіс
11