Дегенмен бұл оқиға әдеттегі фейк болып шықты, деп хабарлайды ASnews.kz.
Жаппай тараған мәтінде Дрогба Чемпиондар лигасындағы «Реалға» қарсы матчта Сәтпаевтың ойынын мұқият бақылағанын, оған негізгі құрамда мүмкіндік беруге шақырғанын және Дастанды ««Челсидің» қазіргі шабуылшыларының көбіне қарағанда жан-жақты форвард» деп атағанын айтқандай болған.
Атышулы «жаңалықтың» түпнұсқа дереккөзі X әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) CFC F_Boy (@fullbol_tweets) аккаунты болды.
«Инсайдты» іліп әкеткен журналистер мен пабликтер профильдің сипаттамасына көз жүгіртпеген. Ал аккаунттың бас жағында анық жазылып тұр:
«Football fictional stories, Analysis, Crazy takes, Banter, Chelsea fan account» («Ойдан шығарылған футбол оқиғалары || Аналитика || Ерекше тейктер || Әзіл-оспақ || «Челси» фан-аккаунты»).
Парақша лондондық клубтың жанкүйерлері үшін ойдан шығарылған хикаялар, сатиралық дәйексөздер мен әзіл постар жазумен ашық түрде айналысады.
Дастан Сәтпаев «Челсиге» «Қайраттан» 2,4 миллион еуроға ауысқан еді (алматылықтар сапында шабуылшы 58 матч өткізіп, 26 гол соқты және 10 нәтижелі пас берді). Қазір жас қазақстандық футболшының төңірегінде үлкен медиа-ажиотаж жүріп жатыр, пародиологиялық аккаунт авторлары да осыны пайдаланып қалған.
Дидье Дрогба Сәтпаев туралы ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ немесе сұхбат берген емес.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.