Ұлттық құрама сапындағы ең үздік бапкерлердің бірі Магомед Адиев жақында болған қауесеттер жайлы мәлімдеме жасады.
Магомед Адиев "ЖаркOFF" телеграм-арнасына берген сұхбатында өзінің мансабы мен клубтармен болуы мүмкін келіссөздер төңірегіндегі қауесеттерге пікір білдірді.
Маман соңғы күндері оның айналасында көп қарама-қайшы ақпарат тарағанын, алайда уақыт өте келе жағдай айқындалғанын атап өтті.
"Иә, дұрыс айтасыз, соңғы он шақты күнде өте көп қарама-қайшы ақпарат болды. Бірақ уақыт өте келе бәрі өз орнына түсті. Бастапқыда қалай айтсам, келісімдерімді соңына дейін орындаймын дедім –сол сөзімде қалдым. Көптеген БАҚ мені бір жаққа қашып жатыр немесе осы арқылы бірдеңе ұтып алғысы келеді деп жазды. Әрине, бұл расталмады", — деді ол.
Жаттықтырушының айтуынша, оның болашағына қатысты шешімді самаралық "Крылья Советов" клубының басшылығы қабылдаған, ал өзі маусымды соңына дейін аяқтауды көздегенін жеткізді.
Сондай-ақ Адиев "Ақтөбе" тарапынан қызығушылық болғаны туралы әңгімелерге тоқталып, байланыс болғанын растады, бірақ толыққанды ресми келіссөздер жүргізілмегенін айтты.
"Шынымен де, мен „Ақтөбе“ өкілдерімен сөйлестім, және „Крылья Советов“ басшылығы бұл жайлы хабардар болды. Мен ешқашан, атап өтемін — ешқашан, бірде-бір клубта жасырын келіссөздер жүргізген емеспін", – деді маман.
Сондай-ақ ол өзіне қатысты жоғары қаржылық талаптар қойғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Әрине, жоқ. Менің аузымнан ешқандай сома айтылған емес", — деп мәлімдеді Адиев.
Жаттықтырушы Астанаға барғанын растады, алайда бұл сапардың жеке сипатта болғанын, дегенмен «Ақтөбе» өкілдерімен кездескенін жасырмады.
Сөз соңында ол Қазақстан футболына қызығушылық танытатынын және болашақта ұсыныс түссе, оны қарастыруға дайын екенін айтты.