«Жалпы, «Омония» мен «Қайраттың» кездескеніне қуаныштымын. Қазір Кипрдемін, кеше жігіттермен жолығудың сәті түсті, сондықтан мен үшін өте қуанышты сәт болды.
Текетірес тұрғысынан алғанда мүмкіндіктер – 50-де 50. «Омония» өткен жылы үлкен басымдықпен лайықты түрде чемпион атанды. Дегенмен жаңа маусым алдында команда шабуылдағы ойын өрнегін қалыптастырған екі басты футболшысынан – вингер Вилли Семеду мен шабуылшы Райан Ммаэдан айырылып қалды. Иә, басшылық олардың орнын басатын ойыншылар тапты, бірақ бұл ауысымдардың қаншалықты тең дәрежеде болғанын уақыт көрсетеді.
«Қайраттың» қазір жақсы бабында болуы және маусымның ортасында жүргені – алматылықтар үшін артықшылық. Иә, жаз мезгілінде Кипрдегі ауа райы жағдайы ерекше, сондай-ақ «Омонияның» өз алаңындағы атмосферасы да маңызды фактор болмақ. «Омония» Кипрдің ең атақты клубы болғанымен, Чемпиондар лигасында ойнамағанына көп болды, сондықтан бүкіл стадион команданы алға сүйрейді.
«Қайрат» үшін ең бастысы – Никосияда ұтылмай, Алматыдағы кездесуде шаруаны аяқтау үшін жақсы нәтижеге қол жеткізу», – деді Шпилевский.
Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчы сәрсенбі, 22 шілдеде Никосияда (Кипр) өтеді. Қарымта кездесу 29 шілдеде Алматыда ұйымдастырылады.
Беларустік маман Алексей Шпилевский 2019–2021 жылдар аралығында «Қайратты» басқарып, 2020 жылы клубты чемпиондыққа жеткізді. Кейіннен ол лимассолдық «Ариспен» Кипр чемпионаты мен Суперкубогын жеңіп алды.
Биылғы жылдың сәуір айында ресейлік «Пари НН» клубынан кеткеннен кейін бапкер әлі ешқандай команданы басқарған жоқ.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.