«Өте қиын матч болды – нәтиже жағынан да, жұмсалған күш-жігер тұрғысынан да. Маған біз шаршап қалғандай болып көрінді. Иә, ойынды қайта қарау керек болады, бірақ небәрі екі күн бұрын ойнағаннан кейін алаңға физикалық әрі функционалды түрде дайын болып шығу қиын.
Біз төменгі блокпен ойнауды жоспарлаған жоқпыз. Мүмкін бұл бірнеше эпизодта орын алған шығар, бірақ ойын жоспары ретінде ондай нәрсе мүлде болған жоқ. Чемпионат жалғасып жатыр, біз келесі кездесуге дайындалуымыз керек».
«Біз құрамға байланысты белгілі бір қиындықтарға тап болған кезеңдеміз. Түрлі жағдайларға байланысты капитан Рамазан Оразовтан айырылдық, Жан-Әли Пайруз шеттетілген, ал Никита Пивкин ауыр жарақат алды.
Команда капитаны әрі ұлттық құраманың басты ойыншысы қатардан шығып қалғанда – бұл үлкен шығын. Әрине, мұндай ойында бізге Рамазан Оразов жетіспеді».
«Бүгін біз жас ойыншымыз әрі Семей футболының түлегі Байғалиевке сенім артуды ұйғардық. Негізгі құрамда алғаш рет шыққаны үшін ол қалыпты ойнады деп есептейміз.
Әрине, белгілі бір қобалжу болды, бәрі де мұндай кезеңнен өтеді. Оның өте қабілетті әрі еңбекқор екені – 100 пайыз шындық», – деді Коструб.
ҚПЛ-2026 маусымының 18-турында «Ордабасы» өз алаңында «Елімайды» 3:1 есебімен ұтты. Шымкенттіктер сапынан Йонсен, Килама және Астанов (пенальтиден) мергендік танытса, қонақтардың жалғыз добы Плакканың еншісінде.
Бұл жеңіс «Ордабасыға» 43 ұпаймен (қосалқы матчы бар және «Қайраттан» бір ұпай алда) бірінші орынға қайта көтерілуге мүмкіндік берді. «Елімай» 26 ұпаймен жетінші орында келеді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.