Оның айтуынша, команда сапында бірнеше португалдық және бразилиялық ойыншылардың бары көп көмегін тигізуде.
Алматылық "Қайраттың" бразилиялық қорғаушысы Лукас Африко командаға бейімделу процесі туралы ойымен бөлісіп, португал тілінде сөйлейтін әріптестерінің маңызды рөлін атап өтті, деп хабарлайды ASnews.kz.
"Олар өте мықты ойыншылар, бізге бейімделуге қатты көмектеседі. Бізде жақсы тәжірибе бар. Біз Португалия мен Бразилиядан келдік, ал бұл елдерде чемпионат деңгейі жоғары. Қазақстанда да көп нәрсені үйреніп жатырмыз және бір-бірімізге көмектесеміз", – деді Африко.
Еске сала кетейік, 31 жастағы орталық қорғаушы "Қайрат" сапына 2026 жылдың қаңтарында қосылған. Бразилиялық футболшымен жасалған келісімшарт осы жылдың соңына дейін есептелген. Қазақстанға дейін ол өз елінде өнер көрсетіп, сондай-ақ Португалияның "Маритиму", "Эшторил", "Фаренсе" клубтарында, Әзербайжанның "Габала" командасында және Түркияның 'Ванспор" клубында ойнаған.
Айта кетейік, алматылық клуб сапында бұдан бөлек бразилиялықтар Эдмилсон мен Рикардиньо, сондай-ақ португалиялықтар Луиш Мата мен Жоржиньо өнер көрсетеді.
КПЛ-дің төртінші турында "Қайрат" "Астананы" 4:0 есебімен ірі жеңіп, 10 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.