Әр клубқа 325 мың еуро (шамамен 175,4 миллион теңге) төленді. Оның 175 мың еуросы алғашқы іріктеу кезеңіне қатысқаны үшін берілсе, тағы 150 мың еуро осы кезеңдегі өнері үшін бонус ретінде аударылды.
Еске салсақ, «Астана» екі матчтың қорытындысы бойынша албаниялық «Динамо Ситиге» 2:4 есебімен жол берді. Ал «Елімай» армениялық «Алашкертпен» өткен екі кездесуде тең түскеннен кейін (1:1, 2:2), пенальти сериясында 5:6 есебімен жеңіліп, турнирмен қоштасты.
Осылайша, екі қазақстандық клуб та еурокубоктағы жорығын ерте аяқтағанымен, УЕФА белгілеген сыйақыны толық көлемде алды.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.