Эрлинг Холанд мансабын "Барселонада" жалғастырмақ

Эрлинг Холанд мансабын "Барселонада" жалғастырмақ
Эрлинг Холанд. Фото: Getty Images

Бірақ каталондық клубтың шабуылшыны сатып алатын мүмкіндігі шектеулі.

Норвегиялық сұрмерген, "Манчестер Сити" шабуылшысы Эрлинг Холанд "Барселона" клубына ауысуға нық ниетті. Бұл туралы Topskills Sports UK хабарлады.

Дереккөз мәліметінше, Холанд мансабын "Барселонада" жалғастырғысы келеді және жазда түсетін өзге ұсыныстардың барлығын қабылдамақ емес. Шабуылшы каталондық клубтың қазіргі уақытта оны сатып алуға қаржылық мүмкіндігі шектеулі екенін түсінеді, сондықтан арманындағы трансферді 2027 жылға жоспарлап отыр. Жақын уақытта бұл келісімге қатысты қосымша ақпараттар жариялануы мүмкін.

Осы маусымдағы жеке статистикасы

Ағымдағы маусымда 25 жастағы Холанд барлық турнирде 44 матч өткізіп, 33 гол соқты және 7 нәтижелі пас берді. Норвегиялық футболшының "Манчестер Ситимен" келісімшарты 2034 жылға дейін жарамды. Transfermarkt порталы оның трансферлік құнын 200 миллион еуро деп бағалайды.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
10
2
Ордабасы
8
3
Елімай
8
4
Оқжетпес
8
5
Астана
7
6
Ертіс
6
7
Қызылжар
5
8
Ұлытау
5
9
Жетісу
5
10
Атырау
4
11
Ақтөбе
4
12
Жеңіс
3
13
Қайсар
3
14
Алтай
2
15
Каспий Ақтау
1
16
Тобыл
1