Жақын матчтар
Абат Айымбетов «Ақтөбеге» ауысуға жақын
Қазақстан құрамасының экс-шабуылшысы Абат Айымбетов мансабын «Ақтөбеде» жалғастыруы мүмкін.
1 шілдеден бастап 30 жастағы форвард румыниялық «Петролул» клубымен келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін еркін агент мәртебесінде жүр.
Бұған дейін Айымбетов «Ақтөбе», «Қайрат» және «Астана», сондай-ақ ресейлік «Крылья Советов» пен түркиялық «Адана Демирспор» клубтарының намысын қорғаған.
Футболшының еншісінде Қазақстан құрамасында өткізген 45 матч бар, онда ол тоғыз гол соғып, үш нәтижелі пас берген. Айымбетов бас команда жейдесінде соңғы рет 2025 жылдың наурыз айында Уэльске қарсы ойында (1:3) алаңға шықты.
Қазіргі уақытта шабуылшының нарықтық құны 250 мың еуроға бағаланып отыр.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ