Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

«Сутьеска» ойыншысы: Тараз – нағыз таланттар отаны, олардың КПЛ-ға тезірек оралуын тілеймін

Черногориялық «Сутьесканың» жартылай қорғаушысы және «Тараздың» бұрынғы ойыншысы Йован Чадженович ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында өзінің ескі клубы туралы жылы лебізін білдіріп, қазақстандық футболшылардың әлеуетін жоғары бағалады.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
«Сутьеска» ойыншысы: Тараз – нағыз таланттар отаны, олардың КПЛ-ға тезірек оралуын тілеймін
Сурет: ашық дереккөздерден

«Қазір өзімнің бұрынғы клубым «Тараздың» бірінші лигада ойнап жүргенін көрдім. Өте өкінішті, олар премьер-лигаға тезірек оралады деп үміттенемін.

«Тараз» – нағыз таланттар отаны. Ол жақта әрқашан болашағынан үлкен үміт күттіретін перспективалы футболшылар көп болатын. Кезінде мен бірге ойнаған Қараман мен Сейсен қазір «Астана» сапында өнер көрсетіп жүр, сонымен қатар Таубай сияқты дарынды футболшы да болды. Жалпы, дарынды жастар өте көп. Олардың жақын арада жоғары дивизионға қайта қосылатынына сенемін», – деді черногориялық легионер.

31 жастағы черногориялық хавбек Йован Чадженович Қазақстан премьер-лигасында жақсы таныс. Ол 2020 жылы «Тараз» сапында өнер көрсетіп, команданың негізгі ойыншыларының бірі болған. Кейіннен Қазақстанда «Қайсардың» да намысын қорғады. Қазіргі уақытта ол Алматының «Қайратына» қарсы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде ойнап жатқан черногориялық «Сутьесканың» сапында өнер көрсетеді.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz