Футзалдан ел біріншілігінде VAR жүйесі енгізілмек

Футзалдан ел біріншілігінде VAR жүйесі енгізілмек
Сурет: ашық дереккөзден

Қазіргі таңда бейнеқайталауға қатысты оқу-жаттығу жиындары Қостанай өңірінде өтуде.

Футзалда видеоқолдау жүйесін енгізуге дайындық Қостанай мен Рудный қалаларында өтіп жатқан төрешілердің оқу-жаттығу жиындарынан басталды. Мұнда арнайы оқыту бағдарламасы жүргізілуде.

Төрешілерді оқыту және тестілеу

Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Нұрсұлтан Құрманның айтуынша, сабақтарды FIFA-ның шақырылған нұсқаушысы Педро Галан Ньето өткізуде.

"Қостанай мен Рудный қалаларында футзал төрешілеріне арналған оқу-жаттығу жиындары өтуде. Арнайы шақырылған FIFA нұсқаушысы Педро Галан Ньето келесі маусымда енгізу жоспарланып отырған видеоқолдау жүйесі бойынша оқыту жүргізіп жатыр. Жоспар бойынша, бұл жүйе бүгін Рудныйда басталатын 19 жасқа дейінгі (U-19) жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты матчтарында сынақтан өтеді. Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен ұйымдастырылған жиынға 33 төреші мен 7 нұсқаушы қатысуда. Футзалда бұл жүйе VS (video support) деп аталады", – деді Нұрсұлтан Құрман.

Жүйе жайлы ақпарат

VS жүйесі алғаш рет 2021 жылы Литвада өткен әлем чемпионатында қолданылды. Кейін ол Испанияның LNFS лигасында, сондай-ақ футзалдан Чемпиондар лигасының "Төрттік финалы" кезеңінде пайдаланылды. Ал 2026 жылы Латвия мен Литвада өтетін Еуропа чемпионатында видеоқолдауды қолдану міндетті болады.

Футболдағы VAR жүйесінен айырмашылығы — футзалда VS көбіне бапкерлердің сұранысы бойынша іске қосылады. Сонымен қатар төрешілер де маңызды сәттерде, соның ішінде голды растау немесе ойыншыны анықтау кезінде видеоқайталауды өздері тағайындай алады.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
10
2
Ордабасы
8
3
Елімай
8
4
Оқжетпес
8
5
Астана
7
6
Ертіс
6
7
Қызылжар
5
8
Ұлытау
5
9
Жетісу
5
10
Атырау
4
11
Ақтөбе
4
12
Жеңіс
3
13
Қайсар
3
14
Алтай
2
15
Каспий Ақтау
1
16
Тобыл
1