Георгий Жуков — енді «Ақтөбе» ойыншысы

Георгий Жуков — енді «Ақтөбе» ойыншысы
Instagram: fcaktobe_official

Қазақстан құрамасының тәжірибелі жартылай қорғаушысы Георгий Жуков «Ақтөбемен» ресми келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

 

Ол бұған дейін «Қайрат», Польшаның «Висла» және «Пуща» клубтарында, сондай-ақ Қытайдың «Цанчжоу Майти Лайонс» командасында ойнаған. Ұлттық құрамада 20-дан астам матч өткізген.

«Ақтөбе» футбол клубы жаңа ойыншымен толықты. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков клубпен ресми түрде келісімшартқа қол қойды. Жуков тәжірибелі, әмбебап ойыншы ретінде Вячеслав Левчуктың командасында маңызды рөл атқарады деп күтілуде.

Жуковтың алаңдағы салқынқанды ойыны мен пас беру мәдениеті «Ақтөбенің» ортаңғы шебін күшейтеді деп үміттенеміз», - делінген мәліметте.

Қазіргі таңда «Ақтөбе» Премьер-лигада 26 ұпаймен 3-орында тұр.