Черногория құрамасы мен «Сутьесканың» экс-ойыншысы: «Қайрат» келесі кезеңге өтеді

Автор
Fonteam редактор
Автор
22.06.26, 04:00
Черногория құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Дамир Кояшевич ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясындағы «Қайрат» пен «Сутьеска» арасындағы кездесуге қатысты болжамымен бөлісті.
Черногория құрамасы мен «Сутьесканың» экс-ойыншысы: «Қайрат» келесі кезеңге өтеді
Сурет: ашық дереккөздерден

«Алғашқы кездесу «Сутьеска» үшін өте қиын болады, өйткені «Қайраттың» 20 мыңнан астам жанкүйері өз командасын алға жетелейді. Меніңше, алматылықтар бұл ойында жеңіске жетеді, себебі олардың деңгейі де, шеберлігі де әлдеқайда жоғары. Олар үшін бұл қарсылас үлкен мәселе тудырмауы тиіс. Иә, Алматыға дейінгі жол өте ұзақ, әрі климаты да оңай емес, бірақ қазір Черногорияда да күн қатты ыстық, сондадықтан ауа райы «Сутьескаға» кедергі болмайды.

«Қайрат» өз үйінде 2-3 гол айырмашылығымен жеңіске жетіп, барын салуы керек, өйткені Черногорияда оңай болмайтыны анық. «Сутьеска» өз жанкүйерлерінің алдында ойнайды. Көп халық келмесе де, шамамен 3-4 мың адам болса да, қолдау бәрібір мықты болады. Мен бұл клубта ойнадым, бұл команданы өте қатты жақсы көремін, бұл – менің туған қаламның клубы, ондағы барлық жігіттерді танимын. Әрине, олардың жеңгенін қалаймын және оларға жанкүйер боламын. Бірақ объективті түрде айтсақ – «Қайрат» мықтырақ және келесі кезеңге дәл осы ұжым өтеді деп ойлаймын. Тартысты ойын күтемін», – деді Кояшевич.

Еске сала кетейік, Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясында «Қайрат» «Сутьеска» клубына қарсы ойнайды. Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері алғашқы кездесуді 7 немесе 8 шілде күні Алматыда өткізсе, қарымта матч бір аптадан кейін сырт алаңда болады.

39 жастағы шабуылдаушы жартылай қорғаушы Дамир Кояшевич «Астана» сапында (2012–2015) Қазақстан чемпионы және Кубогының иегері атанған. Ол елордалық клуб үшін 77 матч өткізіп, 17 гол соқты және тоғыз нәтижелі пас берді. Сондай-ақ черногориялық легионер 2018 жылы қарағандылық «Шахтерде» өнер көрсетті (29 матч, тоғыз гол). Ал 2019 және 2020 жылдары Кояшевич «Сутьесканың» намысын қорғаған. Қазіргі уақытта футболшы өз отанында үшінші дивизиондағы «Балкан Иглз» клубында ойнайды.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

22.06.26, 04:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
40
2
Қайрат
39
3
Оқжетпес
27
4
Елімай
26
5
Астана
26
6
Ақтөбе
25
7
Ұлытау
23
8
Атырау
18
9
Жетісу
18
10
Жеңіс
18
11
Қайсар
18
12
Қызылжар
15
13
Тобыл
15
14
Каспий Ақтау
14
15
Алтай
13
16
Ертіс
11