Футболшы тергеуге толықтай қолдау көрсетіп, құқық қорғау органдарымен ынтымақтаса жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
Францияда Килиан Мбаппенің атына қатысты әкімшілік тергеу жүріп жатыр. RMC Sport дерегінше, «Реалдың» шабуылшысы 2023 жылы қауіпсіздік қызметінің бес қызметкеріне жалпы сомасы 180 300 еуро аударған.
Тергеу аясында Республика қауіпсіздік қызметінің (CRS) бес полицейі күдікке ілінді. Ал Мбаппе бұл қаржыны сыйақы ретінде аударғанын айтып, өз әрекетін түсіндіруде. Ол тәртіп сақшыларын марапаттауды жөн көргенін және бұл – қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің еңбегі үшін деген құрмет екенін мәлімдеді.
Футболшы тергеуге толықтай қолдау көрсетіп, құқық қорғау органдарымен ынтымақтаса жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.