Мәулен – «Алтай» қақпашысы жайлы: ҚПЛ-да ойнап, пенальти тосып жүрген Алиакбарды қалайша жастар құрамасына шақырмайды?

Автор
Fonteam редактор
Автор
17.06.26, 04:00
Қазақстандық спорт журналисі Ермұхамед Мәулен «Алтайдың» Қазақстан Премьер-лигасындағы ойындарына шығып жүрген қақпашы Әбілқайыр Алиакбардың Қазақстан жастар құрамасына шақыртылмай жүргеніне таңданысын білдірді.
Мәулен – «Алтай» қақпашысы жайлы: ҚПЛ-да ойнап, пенальти тосып жүрген Алиакбарды қалайша жастар құрамасына шақырмайды?
Сурет: ашық дереккөздерден

«Алтай» сапында пенальти тосқыш Әбілқайыр Алиакбарды неліктен Қазақстан жастар (U21) құрамасына алмайды деген заңды сұрақ туындайды. ҚПЛ матчында ойнап, пенальти тосып жүрген қақпашы қалайша бас бапкердің көзіне түспейді?

Қазір Қазақстан жастар құрамасында Дулат Талыспаев, Шерхан Қалмұрза және Рихардтың баласы бар. Мысалы, «Рихард қай жерде қақпаға тұрып жүр?» деген сұрақ туындамай ма? Ал бір қақпашы ҚПЛ-да ойнап жүр, бірақ ол жастар құрамасына алынбайды», – деді Мәулен «Бірінші бол» арнасындағы подкастта.

20 жастағы Әбілқайыр осы маусымның бастапқы екі матчында алаңға шықты. Кейін Қазақстан кубогында «Ұлытау» және «Ақтөбемен» болған ойынға қатысты. «Ақтөбеге» қарсы матч пенальти сериясына дейін жалғасып, Алиакбар жасаған екі сейвтің арқасында «Алтай» кубоктың жартылай финалына шықты.

Ал 21 жастағы Мирас Рихард осы маусымда «Ертістің» Қазақстан кубогындағы бір ғана ойынына қатысты.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

17.06.26, 04:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
31
2
Қайрат
27
3
Оқжетпес
24
4
Астана
22
5
Ұлытау
22
6
Елімай
20
7
Ақтөбе
19
8
Жеңіс
16
9
Атырау
15
10
Қызылжар
15
11
Жетісу
14
12
Қайсар
13
13
Тобыл
11
14
Ертіс
9
15
Алтай
9
16
Каспий Ақтау
8