Мұндай қаржылық ынталандыру шымкенттік футболшыларға жауапты ойын алдында ерекше серпін беретіні сөзсіз.
Еурокубок жолында ел намысын қорғап жатқан шымкенттік «Ордабасы» 17 шілде күні өз алаңында Грузияның «Торпедо» клубын қабылдайды. Қарымта ойын елорда уақытымен сағат 21:00-де басталады.
Алғашқы кездесуде «Ордабасы» сырт алаңда 3:4 есебімен жеңіліп қалған болатын. Енді Конференция лигасының келесі кезеңіне өту үшін шымкенттік ұжымға жеңіс қажет.
Осы маңызды матч алдында клуб басшылығы футболшыларға қосымша мотивация ретінде сыйақы тағайындауды жоспарлап отыр. Кей дереккөздерге сүйенсек, «Ордабасы» екі матч қорытындысы бойынша «Торпедоны» жарыстан шеттетсе, әрбір ойыншыға 2 миллион теңгеден берілуі мүмкін.
Мұндай қаржылық ынталандыру шымкенттік футболшыларға жауапты ойын алдында ерекше серпін беретіні сөзсіз.