Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

«Есмұратов секілді адамдар футболды құртып жатыр»: жанжалдың басты кейіпкері төреші туралы пікір білдірді

«Атырау» клубының бұрынғы шабуылшысы Алексей Родионов ASnews.kz сайтына берген сұхбатында төреші Арман Есмұратовпен болған оқиға жайлы айтты.

Алихан Ибраев
Автор ·
2 минут оқу
«Есмұратов секілді адамдар футболды құртып жатыр»: жанжалдың басты кейіпкері төреші туралы пікір білдірді
Сурет: ашық дереккөздерден

«Бұл 2021 жылғы маусымның алғашқы турында «Шахтерге» қарсы өткен матч еді (0:1). Есмұратов бізді ойынның алғашқы минуттарынан-ақ қыспаққа алды. 10-минутта маған сары қағаз көрсеткен соң, мен оған: «Әділ төрелік жаса, артық қылық шығарма», – деп айттым. Біз алаңда бар күшімізді салдық, бірақ Арманның өз ережесі мен мақсаты болғандай көрінді.

Ол матчты да ерекше аяқтады. Бізге алаңның ортасына жақын жерден стандартты жағдай берілді. Бүкіл команда айып алаңына жүгірді, қақпашымыз допты ойынға қосуға келді. Доп әуеде ұшып бара жатқан сәтте төреші кенеттен ойынның аяқталғанын білдіріп, ысқырық шалды. Сонда мен оған барып, «сен клоунсың» дедім.

Осыдан кейін Исмұратов екінші сары қағазын көрсетіп, мені алаңнан қуды. Артынша үлкен дау басталды. Маған төрт матчқа дисквалификация берілді, ал хаттамада мен төрешінің отбасына тіл тигіздім деп жазылыпты. Шын мәнінде, ол өз сөзі мен әрекеті үшін жауап бермейтін адам, бірақ соған қарамастан әлі күнге дейін төрелік етіп жүр.

Өкінішке қарай, ол секілді адамдар аз емес және олар біздің футболды құртып жатыр. Ал Андрей Карповичке ешкімнен қаймықпай өз ойын ашық айтқаны үшін құрмет көрсетемін. Оларға жеңіс пен әділ ойындар тілеймін», – деді Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы футболшысы.

ҚПЛ-дың 13-туры аясында өткен «Елімай» – «Ордабасы» (1:3) матчынан кейін төреші Арман Есмұратов бірнеше ойыншымен, бас бапкер Андрей Карповичпен және клуб директоры Федор Симинидимен сөзге келіп қалған болатын.

Кейін рефери әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бес тәулікке қамауға алынды.

Ал 2021 жылы ол «Атырау» клубының жартылай қорғаушысы Сәбит Тастанбековке күш қолданғаны үшін төрешіліктен шеттетілген еді. Соған қарамастан, бір жылдан кейін қайтадан қызметіне оралды.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz