Луис Диас «Ливерпульден» кетуге ниетті — футболшы клуб басшылығына ресми өтініш білдірді

Луис Диас «Ливерпульден» кетуге ниетті — футболшы клуб басшылығына ресми өтініш білдірді
ашық дереккөзден

2024/25 жылғы маусымда Луис Диас «Ливерпуль» сапында барлық турнирлерде 50 ойын өткізіп, 17 гол соқты және 8 нәтижелі пас берді.

Колумбиялық шабуылшы Луис Диас «Ливерпульден» кеткісі келетінін ресми түрде хабарлады. The Athletic басылымының мәліметінше, 28 жастағы футболшы клуб басшылығымен сөйлесіп, трансферге шығаруды сұраған.

Бұған дейін «Ливерпуль» Диасқа ресми ұсыныс жасаған «Баварияның» 67,5 миллион еуро көлеміндегі ұсынысын қабылдамаған. Сонымен қатар, ойыншыға қызығушылық танытқан клубтар қатарында «Барселона» да бар. Алайда қаржылық тұрғыдан каталондықтар неміс клубымен бәсекелесе алмауы мүмкін.

2024/25 жылғы маусымда Луис Диас «Ливерпуль» сапында барлық турнирлерде 50 ойын өткізіп, 17 гол соқты және 8 нәтижелі пас берді.