"Біз дос емеспіз" — Месси Роналдумен қарым-қатынасы туралы шындықты айтты

"Біз дос емеспіз" — Месси Роналдумен қарым-қатынасы туралы шындықты айтты
Фото: Getty Images

Месси Роналдудың жетістіктерін жоғары бағалады.
 

Аргентина құрамасының капитаны, «Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси Криштиану Роналдумен арадағы атақты бәсекеге қатысты өз ойымен бөлісті.

«Криштиануға деген құрметім зор. Ол футболда үлкен жол жүріп өтті, әрі бұл жолды жалғастырып келеді. Бүгінде де жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүр.

Арамыздағы тартыс тек алаңмен шектелді. Әрқайсымыз өз командамыз үшін барымызды салдық. Алаңнан тыс жерде – біз қатардағы екі адамбыз. Дос емеспіз, себебі бірге уақыт өткізіп, араласпаймыз. Бірақ әрдайым бір-бірімізге сыйластықпен қарадық», – деді Месси.

Месси мен Роналду бір дәуірдің символына айналды. Олардың «Барселона» мен «Реал» сапындағы ойындары футболдың алтын онжылдығын айқындап берді. Жанкүйерлер үшін бұл тек спорттық бәсеке емес, тұтас дәуірдің айнасы еді.