«Ертіс» клубы тәжірибелі жартылай қорғаушымен толықты

«Ертіс» клубы тәжірибелі жартылай қорғаушымен толықты
ашық дереккөзден

Тәжірибелі жартылай қорғаушы бұған дейін «Ордабасы» мен «Қайрат» сапында ойнап, Қазақстан футболының белді ойыншыларының біріне айналды.

Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы 30 жастағы Еркебұлан Тұңғышбаевпен келісімшартқа қол қойды. Тәжірибелі жартылай қорғаушы бұған дейін «Ордабасы» мен «Қайрат» сапында ойнап, Қазақстан футболының белді ойыншыларының біріне айналды.

«Ордабасы» клубының түлегі Еркебұлан 2014 жылы Премьер-лигада дебют жасап, кейін шымкенттік команданың тарихындағы ең көп ойын өткізген ойыншы атанды – 248 матч, 35 гол. 2017 жылы қола медаль, ал 2023 жылы Қазақстан чемпиондығын жеңіп алған.

Сондай-ақ, 2019–2020 жылдары «Қайрат» сапында ойнап, чемпион және күміс жүлдегер атанған. Премьер-лигадағы жалпы көрсеткіші – 261 ойын, 39 гол. Ұлттық құрамада 12 матч өткізіп, 1 гол соққан.