«Барселона» үш ойыншымен қош айтыспақ

«Барселона» үш ойыншымен қош айтыспақ
ашық дереккөзден

Бірінші турда «Барселона» сырт алаңда «Мальоркамен» кездеседі.

«Барселона» клубы Азия турына дейін үш ойыншысымен қош айтысуды жоспарлап отыр. Diario Sport басылымының мәліметінше, каталондықтар енді қақпашы Иньяки Пенья, шабуылшы Пау Виктор және жартылай қорғаушы Ориоль Ромеумен әріптестікті жалғастырғысы келмейді.

Еске сала кетейік, өткен маусымда Ханс-Дитер Флик баптаған команда Испания чемпионы атанып, ел кубогын да иеленген болатын.

Жаңа маусымдағы Ла Лига матчтары тамыздың ортасында басталады. Бірінші турда «Барселона» сырт алаңда «Мальоркамен» кездеседі.