Варшавада өткен алғашқы ойында «Легия» «Актобеден» 1:0 есебімен басым түскен
Польшаның «Легия» командасында ойнайтын Илья Шкурин 17 шілдеде Қазақстанда өтетін Еуропа лигасының іріктеу кезеңіндегі қарымта ойынға саяси себептерге байланысты бармайтын болды. Бұл туралы журналист Кшиштоф Марчиняк әлеуметтік желіде хабарлады.
Ақпарат көзінің мәліметінше, футболшы өзіне қауіп төнуі мүмкін деп алаңдайды – ол бұрын сынға алған Беларусь билігі Қазақстанның арнайы қызметтерімен бірігіп, қиындық тудыруы мүмкін деп есептейді.
Еске сала кетейік, 10 шілдеде Варшавада өткен алғашқы ойында «Легия» «Актобеден» 1:0 есебімен басым түскен.