Бұл туралы Defensa Central басылымы хабарлады.
Англияның әйгілі клубы «Ливерпуль» мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Винисиус Жуниорды сатып алуға ниетті. Бұл туралы Defensa Central басылымы хабарлады.
Мәліметке сәйкес, «Ливерпуль» 25 жастағы бразилиялық футболшы үшін 100 млн еуро көлемінде тікелей төлем ұсынуға дайын. Тағы 30 млн еуро бонус ретінде қарастырылған.
Винисиус өткен маусымда барлық турнирде 58 матч өткізіп, 22 гол соқты және 19 нәтижелі пас берді. Оның «Реалмен» келісімшарты 2027 жылдың ортасына дейін жарамды.
Еске салайық, бұған дейін испандық клуб Винисиусты сату мүмкіндігін қарастырып жатқаны белгілі болған.