Қазақстандағы футбол жанкүйерлері дәл қазір ҚПЛ-мен бірге клубтық әлем чемпионатын да тамашалай бастады.
АҚШ-қа жиналған әлемнің үздіктері өзара мықтыны анықтап жатыр. Ал, Қазақстанның премьер-лигасында фавориттер жаппай ұпай жоғалтты. Fonteam-ның бүгінгі шығарылымында резиденттеріміз осы екі турнирдің матчтарына анализ жасады.
Иә, клубаралық әлем чемпионаты енді басталды, қызықтың бәрі әлі алда. Ал, ҚПЛ-де «Қайрат» пен «Тобылдың» да, «Ақтөбе» мен «Ордабасының» да ұпай жоғалтуы жанкүйерлер үшін күтпеген жайт болды. Тек «Астана» ғана маңызды үш ұпайын алып, ерекше камбэкпен көзге түсті. Неге мұндай нітижелер тіркелгенін білгіңіз келсе шығарылымды соңына дейін көріп шығыңыз. Егер біздің спикерлердің пікірімен келіспесеңіз өз ойыңызды міндетті түрде жазып қалдырыңыз!