ПСЖ жеңілісті қабылдай алмады ма? Жоао Педро финалдағы қақтығыс туралы пікір білдірді

ПСЖ жеңілісті қабылдай алмады ма? Жоао Педро финалдағы қақтығыс туралы пікір білдірді
ашық дереккөзден

Бұл ойын «Челси» үшін тарихи жеңіс болды — клуб екінші рет клубтық әлем чемпионы атанды.

Клубтық әлем чемпионатының финалында «Челси» ПСЖ-ны 3:0 есебімен сенсациялық түрде жеңіп, титул иеленді. Алайда матч соңында орын алған оқиға көпшіліктің назарын аударды — париждік клубтың бас бапкері Луис Энрике ашуға бой алдырып, «Челси» шабуылшысы Жоао Педроны тамағынан ұстап, итеріп жіберген.

Жоао Педро бұл жағдайға қатысты өз пікірін білдірді:

«Мен Андрей Сантосқа көмектескім келді, өйткені ПСЖ ойыншылары оны қоршап алған еді. Бразилиялық ретінде отандасымды жалғыз қалдыра алмадым. Кейін айналамызға көп адам жиналып, аздап итеріс те болды. Бұл — футболдың бір бөлігі. Меніңше, олар жеңілісті қабылдай алмайды. Бірақ бұл — спорттың табиғаты», – деді футболшы Sportv арнасына берген сұхбатында.

Бұл ойын «Челси» үшін тарихи жеңіс болды — клуб екінші рет клубтық әлем чемпионы атанды. Ал ПСЖ үшін бұл — маусымдағы жалғыз алынбаған трофей.