Ал «Оқжетпес» 24 ұпаймен алтыншы орында.
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан Премьер-Лигасының 16-турында көкшетаулық «Оқжетпеспен» кездесті.
Алғашқы таймда күтпеген жерден қонақтар есеп ашты – пенальтиді сәтті орындаған Дәурен Жұмат «Оқжетпесті» алға шығарды. Алайда екінші таймда «Тобыл» толық басымдық көрсетіп, Жаслан Жұмашев Николай Сигневичтің екі нәтижелі пасынан кейін дубль жасап, жеңісті алып келді – 2:1.
Осылайша, 34 ұпай жинаған «Тобыл» турнирлік кестеде үшінші орынға көтерілді. Ал «Оқжетпес» 24 ұпаймен алтыншы орында.
«Тобыл» — «Оқжетпес» 2:1 (0:1)
⚽️ Голдар:
43’ Жұмат (пенальти) — 0:1
64’ Жұмашев — 1:1
72’ Жұмашев — 2:1