Педру Нету: «Клубтық әлем чемпионатын Жота үшін жеңгім келеді»

Педру Нету: «Клубтық әлем чемпионатын Жота үшін жеңгім келеді»
ашық дереккөзден

28 жастағы Диогу Жота 3 шілде күні Испанияда 25 жастағы інісі Андре Силвамен бірге жол апатынан көз жұмған.

«Челси» жартылай қорғаушысы Педру Нету 13 шілдеде «ПСЖ»-ға қарсы өтетін клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалында ерекше сезіммен алаңға шығатынын айтты. Ол осы ойынды жол апатынан қаза тапқан бұрынғы командаласы Диогу Жотаға арнамақ.

– Ол әрдайым менің жанымда болады. Англияға алғаш келгенде Диогу маған және отбасымның бейімделуіне көмектесті. Мен одан көп нәрсе үйрендім. Енді сол үшін бұл трофейді жеңіп алғым келеді, – деді Нету клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Еске салсақ, 28 жастағы Диогу Жота (бұрынғы «Вулверхэмптон» және «Ливерпуль» ойыншысы) 3 шілде күні Испанияда 25 жастағы інісі Андре Силвамен бірге жол апатынан көз жұмған. Құрмет ретінде «Ливерпуль» клубы 11 шілде күні оның 20-нөмірін мәңгілікке ойыннан алып тастады.