«Жауынгерлік мінезбен шығамыз»: Литвалық клуб ЧЛ-да «Қайратқа» қарсы ойнауға дайын

Автор
Fonteam редактор
Автор
28.05.26, 05:00
Литвалық «Каунас» клубының вингері Фабьен Урега ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында Чемпиондар лигасында «Қайратқа» қарсы өтуі мүмкін алдағы текетірес туралы пікір білдірді.
«Жауынгерлік мінезбен шығамыз»: Литвалық клуб ЧЛ-да «Қайратқа» қарсы ойнауға дайын
Сурет: ашық дереккөздерден

Литвалық «Каунас» клубының вингері Фабьен Урега ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында Чемпиондар лигасында «Қайратқа» қарсы өтуі мүмкін алдағы текетірес туралы пікір білдірді.

«Қайратпен» кездесуіміз әбден мүмкін. Бұл – жарыстың негізгі кезеңінде өнер көрсетіп үлгерген мықты команда, бірақ біз үшін қарсылас таңдаудың маңызы жоқ. Ең бастысы – психологиялық тұрғыдан жақсы дайындалу, өйткені мұндай матчтар үлкен қысым тудырады.

Әр чемпионаттың өзіндік мықты және әлсіз тұстары болады, сондықтан ҚПЛ мен Литва чемпионатының арасында үлкен айырмашылық бар деп айта алмаймын. Еурокубоктарда көбіне ұсақ-түйек детальдар бәрін шешіп кетеді, содықтан бұл ойынға деген ынта-жігеріміз мүлдем бөлек болады», – деді 33 жастағы шабуылшы.

«Астананың» бұрынғы ойыншысы өзіне таныс елге үлкен қуанышпен келетінін де жасырмады:

«Жол ұзақ болса да (күледі), Қазақстанға қайта оралу мен үшін жағымды болар еді», – деп толықтырды ол.

Еске сала кетейік, Литва чемпионатының көшбасшысы «Каунас» – беделді еурокубоктың бірінші іріктеу кезеңінде «Қайраттың» ықтимал қарсыластарының бірі. Команда құрамы 7,13 млн еуроға бағаланып отыр.

Франциялық шабуылшы Фабьен Урега «Астана» сапында өткізген 50 матчта тоғыз нәтижелі іс-әрекетімен (гол + пас) көзге түскен. Бұған дейін ол Францияның танымал «Париж» және «Сошо» клубтарының намысын қорғаған.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
28
2
Қайрат
26
3
Оқжетпес
23
4
Елімай
20
5
Астана
19
6
Ұлытау
19
7
Ақтөбе
16
8
Жеңіс
16
9
Қызылжар
15
10
Атырау
14
11
Жетісу
13
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8