Автор — жезқазғандық клубтың жапон шабуылшысы Котару Киси.
Қазақстан Премьер-лигасында тарихи сәт тіркелді.
16-тур аясында өтіп жатқан «Ұлытау» мен семейлік «Елімай» арасындағы матчта есеп бірінші таймның 40-минутында ашылды. Автор — жезқазғандық клубтың жапон шабуылшысы Котару Киси.
Бұл гол — Қазақстан чемпионатының жоғарғы дивизионында Жапония футболшысы соққан тұңғыш гол ретінде тарихқа енді.