«Арсенал» мен «Челси» Барселонаның жас жартылай қорғаушысы үшін таласуы мүмкін

«Арсенал» мен «Челси» Барселонаның жас жартылай қорғаушысы үшін таласуы мүмкін
ашық дереккөзден

Transfermarkt порталы оның нарықтық құнын 30 миллион еуро деп бағалап отыр.

Ағылшындық «Арсенал» мен «Челси» Каталонияның талантты футболшысы Марк Касадоға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Caught Offside хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, «Барселона» академиясының түлегі саналатын 21 жастағы жартылай қорғаушының келісімшартында 100 миллион еуро көлемінде өтемақы көрсетілген. Алайда клуб жазда қаржы түсіру үшін бұл соманы төмендетуге дайын болуы мүмкін. «Челси» Касадоны жарақат алған Ромео Лавияның орнына негізгі үміткер ретінде қарастыруда.

Марк Касадо 2023/24 маусымында «Барселонаның» негізгі және резервтік құрамында 36 матчқа қатысып, 1 гол мен 6 ассист авторы атанды. Қазіргі келісімшарты 2028 жылға дейін жарамды. Transfermarkt порталы оның нарықтық құнын 30 миллион еуро деп бағалап отыр.