Бұл — «Ливерпуль» тарихындағы алғаш рет белгілі бір футболшының құрметіне арнайы нөмірді айналымнан шығару шешімі
Ағылшынның атақты клубы Диогу Жота есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында оның 20-нөмірін ресми түрде ешбір команда ойыншыларына бермейтін болды. Бұл шешім марқұм футболшының жұбайы Руте Кардозу және оның отбасымен ақылдаса отырып қабылданған. Енді 20-нөмір еркектер, әйелдер және академия командалары үшін де қолжетімсіз болады.
Бұл — «Ливерпуль» тарихындағы алғаш рет белгілі бір футболшының құрметіне арнайы нөмірді айналымнан шығару шешімі.
Еске салсақ, 3 шілде күні Диогу Жота мен оның інісі Андре Силва Испанияда болған жол апатынан қайтыс болды. 28 жастағы шабуылшы 2020 жылы «Вулверхэмптоннан» «Ливерпульге» ауысып, 182 матчта 65 гол соғып, 26 нәтижелі пас берген.